ИнфоБАТЛ

Дата: 2023-02-20 21:35:35
ИнфоБАТЛ
"Цифрлық әлемі" ақпараттық сауаттылық апталығы аясында "Абай атындағы №2 мектеп - лицейінде" "ИнфоБАТЛ" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен интелектуалды сайыс өтті. Оқушылар сайыста "Wordwall" программасымен тапсырмалар орындады. 1 кезең "Бәйге" сұрақтарға жауап беру. 2 кезең "Полиглот" сұраққа жауап бере отырып 3 тілде жауап қайтару. 3 кезең "Адасқан әріптер" яғни әріптерді орнына қою. 4 кезең "Ғажайып сурет" компьютер құрылғылары көрсетіледі, құрылғылардың қызметтерін айту. 5 кезең "Ойлан тап" компьютердің негізгі, қосымша, енгізу, шығару құрылғыларын атап көрсету кезеңдері болды.
Мақсаты: Оқушылардың информатика сабағына қызығушылығын арттыру мен ынтасын ояту және ойлау қабілеттерін дамыту.
Іс шараны информатика пәні мұғалімі Нурмаганбетова Н.Ж. өткізді.