Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

Дата: 2023-02-20 20:42:23
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 20-  ақпан күні «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында  5 «А» сыныбы және сынып жетекшісі Садыканова Бикеш Жекенқызы саптық жиын өткізді. Саптық жиында оқушылар спорттың адам өміріне пайдалы екендігін, шынығып шымыр болуымыз қажеттігін айтты. Жоғарғы сыныптар арасында 8 «А» сыныбы және сынып жетекшісі Пиримбетова Назира Калышбековна «Дені саудың- жаны сау» атты  ұранмен  дені сау адам қандай болатыны жайлы  пайдалы әрі тың мәліметтермен бөлісті. Әрі қарай саптық жиын құттықтаулар мен марапаттарға ұласты. Мектепішілік тәртіп пен оқушыларға қосымша хабарландырулар айтылды.