Балалық шақта оқыған бір кітап

Дата: 2023-02-19 20:37:52
Балалық шақта оқыған бір кітап

«Балалық шақта оқыған бір кітап» акциясы
Кітап - заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп-лицейіміздің жас тілшілер үйірмесінің білім алушылары ұстаздардан «Балалық шақта оқыған бір кітап» акциясының аясында сұхбат алып, оқыған кітаптары туралы тың ойларын тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. «Кітап оқу - міне, үйренудің ең жақсы түрі» дегендей, жастарымызды көп кітап оқуға шақырамыз!