Абай Құнанбаевтың алғаш жыр жинағының басылып шыққанына 105 жыл

Дата: 2023-02-16 23:08:59
Абай Құнанбаевтың алғаш жыр жинағының басылып шыққанына 105 жыл

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың алғаш жыр жинағының басылып шыққанына 105 жыл толады. Осыған орай  Балқаш қаласының білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ- де 02.02.2023 жылы  7 сыныптардың арасында  сыныптан тыс мәдени сабақ өткізілді.

    Оқушылар ұлы ақынның алғашқы туындысын басып шығарған баспаның иесі кім, қай жерден келген, қай ұлт өкілі деген сұрақтарға жауап ала алады. Сонымен қатар осы және басқа Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағына қатысы бар адамдар туралы әңгіме қозғалады. Абай шығармаларының көрмесі мен слайд-презентация көрсетіліп, Абайдың әндері мен өлеңдерін оқушылар оқыды. Ақынның тұңғыш кітабының шығу тарихы туралы ақпарат берілді.