Ата- аналардың мектеп өміріне араласу жолдарының маңыздылығы

Дата: 2023-02-11 16:34:49
Ата- аналардың мектеп өміріне араласу жолдарының маңыздылығы

2023 жылдың 9 ақпан күні "Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде" сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі А.А.Кабанова «Ата- аналардың мектеп өміріне араласу жолдарының маңыздылығы», директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, психолог А.А.Толетаева «Буллинг, кибербуллингтің алдын алу қағидалары бойынша ақпараттық -түсіндіру жұмыстары» тақырыбында сөз сөйледі. Сынып жетекшілерге ата- анамен қалай байланыс жасау керектігі, мектеп өміріне араластырудың жолдары, маңыздылығы, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу қағидалары туралы ақпараттар айтылды.