«Қуыршақ» театры

Дата: 2023-02-05 11:51:10
«Қуыршақ» театры

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында балаларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында түрлі шаралар жоспарланып өткізілуде.  Кітап оқу - талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді десек, театр өнері таным-түсініктерін, өмірге деген көзқарастарын шыңдай түспек. Соған орай әріптестік аясында қаламыздың «Балқаш қаласының Мәдени-сауық орталығы» КМҚК жанындағы «Қуыршақ» театры мектеп-лицейімізге қонаққа келді. Театр жетекшісі Меруерт Нурашқызы Утенова және жас әртістері мектеп-лицейіміздің 6 сынып оқушылары Салық Диана, Мәшүрбек Жібек «Ақылды күшік» ертегісінің желісімен қойылым көрсетті. Қойылым даярлық тобы мен 1 сынып білім алушыларының көңілінен шықты.