Электронды темекінің зияны

Дата: 2023-02-03 16:56:09
Электронды темекінің зияны

2023 жылы 3 ақпанда «Қарағанды облысының білім басқармасы" ММ Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен құқықтық сауаттылық апталығы аясында жалпы білім беру ұйымдарының  оқушылары үшін «Электронды темекінің зияны» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға мектеп-лицейімізідің 7 "Б" сынып оқушылары, медбике және әлеуметтік педагог қатысты. Вебинарда қазіргі заманның өзекті мәселесі - жастардың электронды сигаретке әуес болуы және медицина тұрғысынан оның ағзаға зияны жайында ақпараттар берілді. Вебинар аяқталғаннан кейін оқушылар әлеуметтік педагогке және медбикеге өздерін қызықтырған, алаңдатқан сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.