Әке көрген оқ жонар

Дата: 2023-01-20 11:15:13
Әке көрген оқ жонар

2023-жылдың 18-қаңтары күні 7Ә  сыныбы  оқушылары   арасында «Әке көрген оқ жонар»  тақырыбында  тәрбиелік   іс- шара   өткізілді.  Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру мақсатында   өткізілген   шараға   сыныбымыздың   ер  балалары   белсене  қатысты.  Әкелерімен   күнделікті   өткізетін   әр  күнінің  қызықты   сәттерінен   бейнебаян,  слайд презентациялар  дайындап әкеліп,  ерекше   мақтанышпен  бөлісті.Әкеге  тән  қасиеттер,   әрекеттерді,  атай  отырып,  оқушылардың   сұрақтарына  жауап  берді.    Әр  оқушының   әкелері  туралы айтқан   сөздерінен, әкенің   ерекше  орынын, үйдегі  тәрбиенің  қалыпты   жағдайын   көріп, ерекше  ризалықпен алғыс   айттық.