Жер – біздің ортақ үйіміз

Дата: 2023-01-09 23:41:56
Жер – біздің ортақ үйіміз

2022-2023оқу жылының 9-қаңтар күні «Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз», «Жер – біздің ортақ үйіміз»тақырыбында  экологиялық тәрбие  беру бағытында саптық жиын өтті. Таңертеңгі ауысым 10 А сынып оқушыларының үгіт насихатымен басталды. Түскі ауысымда  5 Б сынып оқушыларының мәнеріне келтіре айтқан өлеңдері мен нақыл сөздерінен табиғатты қорғау әр адамның қолынан келетін іс екенін оқушылар түсіне білді. Саптық жиынның соңында оқушылар дипломдармен,  медальдармен марапатталды.