STEM білім беру

Дата: 2023-01-07 23:04:13
STEM білім беру
"Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде" 06.01 күні жаратылыстану пәндері  бағытындағы мұғалімдер мен "STEM білім беру"  тақырыбында тәжірибе алмасу өтті. Химия, биология, физика, география пәндері бойынша STEM электронды қосымшасындағы тақырыптар  сараланып, қолдану барысы туралы пән мұғалімдері ойларын ортаға салды. Информатика пәні мұғалімі Нурмаганбетова Н.Ж электронды бағдарламамен жұмыс жасау жүйесін көрсетті.
Оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамытуда STEM білім берудің мәні зор. Іс - шараны Ш.Т.Жаксыгелдина ДОІЖО жүргізді.