Жас Ұлан

Дата: 2022-12-15 23:10:11
Жас Ұлан

2022 жылдың желтоқсан айының 14күні "Абай атындағы №2 мектеп-лицейі" КММ-де 16 желтоқсан Қазақстан Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына орай «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Сап жиынын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ө.Ә.Манерханұлы құттықтау сөзімен ашып берді. Сап жиынында 31 үздік және озат оқитын, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын білім алушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға галустук пен төсбелгіні директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары, ұстаздар және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері тақты. Қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.