Егемендігім-елдігім

Дата: 2022-12-14 23:35:26
Егемендігім-елдігім

14-желтоқсан күні 3 "В" сынып жетекшісі Стамбекова Ш.Д. "Желтоқсан құрбандарын еске алу" күніне орай "Егемендігім-елдігім" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш етіп, желтоқсан оқиғасы кезінде құрбан болған жастардың өмірі туралы білімдерін толықтырды, көрініс қойылды. Оқушылар тәуелсіздікке, Отанға, еліне арналған өлеңдерін оқыды. Сабақ соңында оқушылар тәуелсіздік күніне орай кітапханада ұйымдастырылған "Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесін тамашалады.