Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан

Дата: 2022-12-14 20:27:58
Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан
«Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі. 
 
16 желтоқсан - ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығында жадымызда сақталатын, қазіргі жас ұрпақ үлгі тұтатын тағылымды таразылау біздің парызымыз. Егемен еліміздің тарихы жаңаша рухани болмысы бар жастарды тәрбиелейтін ұлттық идeологиямыздың алтын қазығы. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 
Егемендік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлікке толы іс-қимылдарын бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде ұғындыру, желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира т.б. жастардың ерлігін мақтан тұту, оларға тағзым етіп еске алу. Сонымен қатар, биыл еліміз Алаш қозғалысының құрылғанына 105 жыл толуын атап өтуде. Бұл қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға. Алаш қайраткерлері ұлттық мемлекеттіліктің  негізін қалады. Бұл қозғалыс ХХ ғасырдың басында пайда болып, қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің шарықтау шегіне айналды. Алаш  партиясы ұлттық демократияның бастауында тұрды. Аталмыш оқиғалар аясында Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ кітапханасында «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі қойылды.