Тарих толқынында

Дата: 2022-12-12 23:55:09
Тарих толқынында
Қарағанды облысы оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жүріп жатқан "Тарих толқынында" тарихи сауаттылық апталығы аясында "Абай атындағы 2 мектеп лицейінде" 10 А сыныбында география пәнінен "Жаһандық мәселелер- әлем тағдыры" тақырыбында ғылыми танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар өздерінің ізденіс шығармашылық жұмыстарын қорғап, жаһандық мәселелер бойынша ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Танымдық сабаққа ғылыми жобалар үздігі, алтын белгіге үміткер 11 А сынып оқушысы Алғамжанов М. және "Сана" дебат клубының үздік спикері Мамырдан Н. қатысып сараптама кеңесшілері болды.
Оқушылар "Менің көзқарасым", " Ашық микрофон" әдістері арқылы топтық, жеке тапсырмалар орындап белсенділік танытты. Танымдық сабақ РАФТ әдісі бойынша рефлексия жасалды. Пән мұғалімі Жаксыгелдина Ш.Т.