Ашық есік

Дата: 2022-12-12 19:46:09
Ашық есік
2022 жылдың 9 желтоқсан күні Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде ата- аналарға арналған "Ашық есік" күні өтті. Мектеп –лицейімізде 8 желтоқсан күні Қарағанды  облысындағы  ұлы Абай атындағы мектептер альянсы  шеңберінде «Абай  мұрасы – адами құндылықтың биік шыңы» атты  аймақтық бейне-пресс-құрылтай 
өткен болатын. Бұл құрылтай қара шаңырақ Абай атындағы мектеп-лицейінің торқалы 90 жылдығымен тоғысып, қатар келген еді. Осыған орай ашық есік күнінде мектеп фойесіндегі мектеп тарихы,  мектеп өмірінен сыр шертетін "Суреттер галереясы"  көрсетіліп, екінші ретте  мектеп оқушыларының облыстық құрылтай аясында өткізілген  «Абай мұрасы – қазақтың бойтұмары» атты әдеби музыкалық композициясын тамашалады.   Қазақ халқының мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде сақтап, бәсекеге қабілетті зияткер тұлға, табысты оқушыны қалыптастыру,  балаларды тәрбиелеу жолындағы ортақ мақсат ата –аналар арқылы жүзеге асатындығы аталып өтті.  Ата-ана – мектеп қос тараптың ынтымақтастығы талай мазмұнды өнеге мен білім жолындағы жетістіктерге алып келетіні туралы сөз қозғалып, Абай мұрасы арқылы білім алушыларды мектеп қабырғасынан бастап ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық сана-сезімді бойларына сіңіру басты мақсат екендігі айтылды.