Оқуға құштар мектеп

Дата: 2022-11-03 22:41:17
Оқуға құштар мектеп

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және де күзгі демалысты тиімді өткізу мақсатында 2 қарашада мектеп-лицейімізде «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет!» Bookcrossing шарасы 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. «Bookcrossing» акциясы Қазақстанда 2005 жылдан бері қолданып келе жатыр. Акция мақсаты балалардың кітапқа деген қызғушылығын арттыру, бір-бірлерімен кітап алмасу. «Bookcrossing» қазақша «кітап сыйла» немесе «кітаптың айналымда жүруі» дегенді білдіреді.