Ойыншықтар оянғанда

Дата: 2022-11-01 00:31:29
Ойыншықтар оянғанда

Оқушылардың күзгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2022 жылдың 31 қазан күні мектеп-лицейіміздің бастауыш сынып оқушылары Балқаш қаласының М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында өткен С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық  академиялық қазақ драма театрының «Ойыншықтар оянғанда» драмасын, орта буын оқушылары  «Айналайын» драмасын тамашалап, театрдың тәрбие және рухани азық беретін киелі орын екендігін сезініп қайтты.