Оқуға құштар мектеп

Дата: 2022-10-31 23:52:25
Оқуға құштар мектеп

31 қазан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және де демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында құрылған жоспарға сәйкес «Әдебиет білімпаздары» атты 5-6 сынып білім алушыларымен танымдық ойын өткізілді. Шара барысында оқушыларымыз әдебиет саласынан түрлі сұрақтарға жауап беріп, «Танграм» ойынын ойнады.