Жол қозғалысының жас инспекторлары тобы бастауыш сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Дата: 2022-10-22 18:15:00
Жол қозғалысының жас инспекторлары тобы бастауыш сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

21.10.2022 ж. күні "Абай атындағы №2 мектеп-лицейдің" жол қозғалысының жас инспекторлары тобы бастауыш сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, мектепке келер жолдарда орналасқан көлік жүретін жолдардан өту бойынша ережелермен қайта таныстырды.  Кездесу барысында бастауыш сынып оқушылары жол белгілерінің нені білдіретіндігі туралы сұрақтарға жауап берді. 

Кездесу соңында оқушыларға ата-аналарымен біріге отырып «Үйге апарар жол» тақырыбында күнделік беттеріне схема сызып келу тапсырылды. 

#obb_qaragandy

 #Балаларжылы09

 #kopd_mon_rk

 #oqu_agartu_ministrligi

#Республикакүнібілім09