«Қыран елім-Қазақстаным» атты саптық ән-шеру байқауы ұйымдастырылды.

Дата: 2022-10-22 17:54:48
«Қыран елім-Қазақстаным» атты саптық ән-шеру байқауы ұйымдастырылды.

2022 жылдың 21 қазаны күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейдің 7-8 сыныптар оқушылары арасында «25 қазан - Республика күні» мерекесіне орай  «Қыран елім-Қазақстаным» атты саптық ән-шеру байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: білім алушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Байқауға 7 топ қатысып, өз өнерлерін көрсетті.  

Байқау қорытындысы бойынша: 

7Б сыныбы - бас жүлдені;

7А сыныбы - І орынды;

8Ә  сыныбы - ІІ орынды;

7Ә сыныбы - ІІІ орынды иеленді.

#obb_qaragandy

 #Балаларжылы09

 #kopd_mon_rk

 #oqu_agartu_ministrligi

#Республикакүнібілім09