«Бір отбасы - бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» облыстық байқауы.

Дата: 2022-10-13 13:56:57
«Бір отбасы - бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» облыстық байқауы.

Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт - отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты. Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқыту арқылы оқырман отбасын анықтау мақсатында жыл сайын «Бір отбасы - бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» облыстық байқауы өткізіледі. Биылғы акция Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен жүзеге асырылмақ. 5-11 сынып білім алушыларына жас ерекшеліктерін ескере отырып әдебиеттер тізімі ұсынылған. Отбасылар Book trailer (Буктрейлер) «Біздің сүйікті кітабымыз»,  «Кейіпкерді тап» әдеби сайысы, «Әдеби жекпе-жек» блиц-сұрақтар, Буккросинг. «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет!» «Кітап алмастыру» акциясы және соңғысы финалға шыққан отбасылар арасында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларынан сахналанған қойылым (5 минут) сынды акцияның талаптары бойынша сынға түседі. Мектеп-лицейімізде акцияның ережесіне сәйкес мектепішілік кезеңнің жоспары құрылып, іс-шаралар бастау алды.