«Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында өткізілетін 20 минуттық кітап оқу сәтінен көріністер

Дата: 2022-10-10 18:19:50
«Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында өткізілетін 20 минуттық кітап оқу сәтінен көріністер

Кітап оқу дегеніміз – химиялық реакция сияқты. Реакциядан кейін бастапқы элемент өзінің бір қасиетінен арылып, жаңаша түрге енеді. Сол секілді, сіз де, кітап оқыған соң, бұрынғы «сіз» болмайсыз, өйткені кітап бізді құбылтады, өзгертеді, өсіреді. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Сондай-ақ, оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну, бұл – теңдесі жоқ құбылыс. Демек, кітап оқу, бұл – текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу бағытында құрыштай шыңдала түсудің айтулы көрсеткіші екені хақ. «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында өткізілетін 20 минуттық кітап оқудың да білім алушыларымызға тигізетін пайдасы орасан зор. Кітап оқу сәтінен көріністер...