«Ұлы даланың Ұлы тұлғасы» атты мәнерлеп оқу сайысы 6-8 сынып оқушылары арасында өткізілді.

Дата: 2022-10-06 10:20:25
«Ұлы даланың Ұлы тұлғасы» атты мәнерлеп оқу сайысы 6-8 сынып оқушылары арасында өткізілді.

«Ұлы даланың Ұлы тұлғасы» атты мәнерлеп оқу.

Ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, түркітанушы, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл  (1872-1937) толуына орай «Ұлы даланың Ұлы тұлғасы» атты мәнерлеп оқу сайысы 6-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Сайыс шарты бойынша әр сыныптан 1 оқушы А.Байтұрсынұлының өлеңдерінен жатқа оқып, видео түрінде жолдаулары керек болатын. Дауыс ырғағы, жатқа оқу шеберлігі, жалпы бейне баянның өңделуі басты назарға алынды. Нәтижесінде қатысушы 6 А сынып оқушысы Шалхарова Ақнұр «Мен қазақпын» (орыс тілінде) өлеңін жатқа оқып, бас жүлдемен, ал 8 В сынып оқушысы Бақтораз Бекарыс «Қазақ қалпы» өлеңін және 6 А сынып оқушысы Мейрамғазы Рамазан И.Крыловтан аударған «Аққу, шортан, һәм шаян» өлеңін екі тілде айтып, бірінші орындармен, 6 А сынып оқушысы Алгамжанова Сара екінші орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!