«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3-10 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты», «Балалар жылы» шеңберінде балалардың кітап оқуға

Дата: 2022-09-26 08:57:12

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3-10 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты», «Балалар жылы» шеңберінде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында өткізіліп отырған Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңіне қатысты. Қалалық кезең шарты бойынша 3-4 сынып, 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-10 сынып білім алушылары  60 сұраққа және 4 тақырып аясында өздері таңдаған тақырыпқа эссе жазу тапсырмалары негізінде жарысқа түсті. Нәтижесінде 3-4 сынып оқушылары арасында мектеп-лицейіміздің 4 А сынып оқушысы Берікбай Кәусар (Абдыкарина М.Ж.) І дәрежелі дипломмен, 5-6 сынып оқушылары арасында Мақсұт Бекболат (Қуанышбекова Г.Қ.) алғыс хатпен, 7-8 сынып оқушылары арасында Садық Аруна (Имухаметова С.С.) алғыс хатпен, 9-10 сынып оқушылары арасында Қаратас Даниал (Сейткалиева М.Ж.) ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын! 4 А сынып оқушысы Берікбай Кәусар облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз! 
Автор: №2 Лицей