«Халықаралық балалар қорғау күні»

Дата: 2022-06-01 13:46:54
«Халықаралық балалар қорғау күні»

Абай атындағы №2 мектеп-лицей жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде 1 маусым «Халықаралық балалар қорғау күні» мен балалар жылы аясында лагердің ашылу салтанаты өтті.

"Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі"  атты салтанатты шараның бірінші бөлімінде тәрбиеленушілері лагерь тәлімгерімен ант қабылдау рәсімін өткізді. Екінші бөлім концерттік бағдарламамен жалғасып, мектеп директоры құттықтау сөзін сөйлеп, оқушыларға жылы лебізін білдірді. 4 топтан құрылған тәрбиеленушілер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Концерттік бағдарламаның соңында ертегілер кейіпкерлері балаларға жұмбақ жасырып, жауабын тапқан балаларға тәтті сыйлықтар берілді. Мереке соңында ертегі кейіпкерлері балаларға флешмоб «Тік Ток» билетіп,  барлық балаларға балмұздақ таратылды.