"Ғылым әлемін ашамыз" атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығының жоспары бойынша 12 мамыр күні Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде 10 сынып оқушыларымен биология пәні мұғалімі Н.А. Коккозова "Өсімдіктер сырын білесің бе?" тақырыбында зияткерлік сайыс

Дата: 2022-05-12 16:50:52

"Ғылым әлемін ашамыз" атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығының жоспары бойынша 12 мамыр күні Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде 10 сынып оқушыларымен биология пәні мұғалімі Н.А. Коккозова "Өсімдіктер сырын білесің бе?" тақырыбында зияткерлік сайыс өткізді.

Сайыс оқушылардың жаңа ақпараттық технологияны яғни сандық білім беру ресурстармен жұмыс жасау формасында өтті. Quizizz электронды қосымшасы арқылы оқушылар функционалды сауаттылықты дамыту тапсырмаларын орындап, өсімдіктер әлемі бойынша білімдерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша ең білгір жеңімпаздары болып Сайлаубеков Р., Нығытай А., Мамырлан Н. анықталды.