"Зейін" әлеуметтік педагогикалық жобасы аясында "Жаһандық құзыреттіліктер" бағытындағы курстар бойынша Балқаш қаласының білім бөлімі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен облыстық шебер сыныптар көрсетілді.

Дата: 2022-04-29 22:38:59

"Зейін" әлеуметтік педагогикалық жобасы аясында "Жаһандық құзыреттіліктер" бағытындағы курстар бойынша Балқаш қаласының білім бөлімі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен облыстық шебер сыныптар көрсетілді. Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Б.Ж.Садыканова 6-сыныпта "Экология" курсының жүргізудегі тәжірибесін ортаға салды. Оқушылармен жүргізілген ғылыми- зерттеу сабақтарынан бейне үзінді көрсетіліп, ұсынылды. Ж.А.Шармуханбетова директордың бейіндік істер жөніндегі орынбасары, мектеп психологы 7- сыныптардағы "Эмоционалды интеллект және сыни ойлау" курсы бойынша іс тәжірибесімен бөлісті. Шебер сынып барысында лицей педагогтары жоғары деңгейде шығармашылық шеберліктерін танытып, қатысушылардан мазмұнды, тартымды кері байланыс алды. "Экология" курсының секциялық бөлімін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина жүргізді.