"Заманауи әдістемелік бағыт- бейнесабақтар" тақырыбында бейнесабақтар құрастыру байқауы ұйымдастырылды.

Дата: 2022-04-27 10:35:55

Мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және ақпараттық құзыреттілігін шыңдау мақсатында 18-25 сәуір аралығында "Заманауи әдістемелік бағыт- бейнесабақтар" тақырыбында бейнесабақтар құрастыру байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың арнайы критерилері жасалып, сараптама комиссия мүшелері тағайындалды. Сараптама комиссия мүшелері бейнесабақтарды қарап, тыңдап, қорытынды жасады. Үздік шеберлікпен бейнесабақ жасаған 14 мұғалім қалалық кезеңге ұсынылды. Сараптама комиссия құрамында тәжірибелі,білікті ұстаздар Г.М. Амирбаева, Е.Т. Карибжанов болды.