Дөңгелек үстел

Дата: 2022-03-16 18:15:36
Дөңгелек үстел

Осыдан тура 120 жыл бұрын, 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов дүниеге келді. Осыған орай көркем әдебиетте де, театрда да, кинода да - өнердің тағы қандай түрі бар – бәрі-бәрінде де сұлулықтың гимн дәрежесіне көтере білген классик шығармашылығы туралы 15 наурыз күні 9 «Б» сынып жетекшісі Б.Ж.Садыканованың ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел өткізілді.