Құттықтау

Дата: 2022-03-01 13:55:56
Құттықтау

Бүгін мектеп-лицейіміздің директоры Қ.Т.Рахимберлина жыл басынан ең жоғарғы жетістікке жетіп жүрген бірқатар дарынды оқушыларымызбен кездесіп, алғысын білдірді. Биылғы жылы 11 сыныптар арасында өтетін Президенттік олимпиаданың облыстық, республикалық кезең жеңімпазы, "Алтын белгіге" үміткер  Рахман Ерханды құттықтап, қала бойынша ҰБТ көрсеткіші ең жоғарғы 125 балл алғанын айтып, ерекше Алғысын білдірді. Жақында ғана Шымкент қаласында өткен республикалық ғылыми жоба жеңімпазы, 10А сынып оқушысы Тлеубай Асланды марапатымен құттықтап, ғылыми жетекшісі Рахимова Ж.Т. алғысын білдірді. Математика пәні бойынша №17 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен өткен аймақтық Ә.Ермеков атындағы олимппиаданың оқушыларын марапаттады.