«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»

Дата: 2022-02-01 12:28:04
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»

2022 жылдың 1-11 ақпаны аралығында «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-сінде республика көлемідегі «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өткізіледі. Аталған онкүндік Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын дамыту мен ілгерілеуіне жасаған қоғамдық қызметіне арналады.  «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының негізінде жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани жетілдіру идеясы оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым-қатынас нормасымен таныстырады, азаматтық мәдениетке қалыптастырады және дамытады.