«Жемқорлық індет - жою міндет» атты танымдық сағат

Дата: 2021-12-10 15:52:22
«Жемқорлық індет - жою міндет» атты танымдық сағат

«Жемқорлық індет - жою міндет» атты танымдық сағат

Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. 9 желтоқсан - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай мектеп - лицейіміздің кітапханашысының ұйымдастыруымен «Жемқорлық індет - жою міндет» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағат аясында адалдық, сыбайлас жемқорлық туралы жалпы түсінік айтылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттерді оқуға ұсынылып, «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты бейнебаян көрсетілді. 

Жалпы, адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. Ұлы Абайдың «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол» - деуі де адалдыққа толық сипаттама береді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбегіне байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Әрбір адам өз ар-ожданы алдында адал, шыншыл болғанда ғана – адам бойында ізгілік пен адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Адалдық - аса қымбат байлық.