«Ауылдағы екі апта» жобасы

Дата: 2021-11-27 22:57:40
«Ауылдағы екі апта» жобасы

«Ауылдағы екі апта» жобасы аясындағы  «Менің аулымның келбеті» атты презентация байқауы

 
2021 жылдың 26 қараша күні   «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі»  КММ-де  «Ауылдағы екі апта» жобасы аясында  6- сынып оқушыларының  арасында «Менің аулымның келбеті» атты   презентация байқауы өткізілді. 
Байқаудың мақсаты:
- Оқушылардың ауылға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, туған ауылына деген ыстық сезімімен бөлісуге, әр баланың елін, Отанын қадірлеуге бағыттау.
- Ана тілінде еркін таза, әдеби тілде көркем сөйлеуге дағдыландыру;
- Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
- Жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды  6 А сынып оқушысы Оңғарсын Абдурахман, екінші орынды 6 В сынып оқушысы Манатбек Ерасыл, ал үшінші орынды 6 Г сынып оқушысы Асқатбек Ажар иленді. Байқауға белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.