«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Дата: 2021-11-25 20:45:43
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
А.Баймұхаметовтың «Тастамашы ана» кітабы бойынша топтық сайыс
 
    Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9 Б сынып оқушылары, сынып жетекшісі Садыканова Бикеш Жекенқызының ұйымдастыруымен А.Баймұхаметовтың «Тастамашы ана» кітабы бойынша топтық сайыс өткізді. 
    Айгиз Баймұхаметов (Баймөхәмәтов Айгиз Ғиззәтулы) - 1988 жылы туған. Башқұт жазушысы. Башқұртстан және Ресей Жазушылар одағының мүшесі. «Тастамашы ана» шығармасы үшін Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік жастар сыйлығына ие болған. Аталмыш шығарманы қазақ тіліне аударған Саят Қамшыгер. 
     Бұл кітапта башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметов ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Балалар үйіндегі ұл-қыздардың өмірі қарапайым оқырманға түсінікті тілде суреттеледі. Жазушы бас кейіпкер Ілиястың жан дүниесін ашу арқылы бүгінгі қоғамның бет-бейнесін көрсеткісі келген. Кітапты оқыған балалар ата-ананың қадірін түсініп, бақытты аялауды үйренеді. Үлкендер жас ұрпақтың мейірімге зәру екенін ұғынады. Кітап балалар мен жасөспірімдерге, барша оқырман қауымға арналған. 
     Орыс, татар, чуваш, әзірбайжан, моңғол тілдеріне аударылған шығарманың қазақ тіліндегі нұсқасын 9 Б сынып оқушылары оқып, шығармадан алған әсерлерін «Ілиястың шытырманға толы хикаялары» атты сынып оқушылары арасындағы топтық сайыспен тұжырымдады. Үш топқа бөлініп, шығарма желісі бойынша әзірленген сұрақтарға жан-жақты өз ойларын білдіріп, түсініктерін еркін жеткізе білді. Нәтижесінде, «Оқуға құштар жандар» тобы ІІІ-орын, «Білімпаздар» тобы ІІ-орын, «Қырандар» тобы жүлделі І-орынға ие болды.