«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» тақырыбында 8-сыныптардың оқушылары арасында викториналық сұрақтар жарысы өтті.

Дата: 2021-11-22 17:16:50
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» тақырыбында 8-сыныптардың оқушылары арасында викториналық сұрақтар жарысы өтті.

2021 жылдың 20 қарашасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар аясында «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» тақырыбында 8-сыныптардың оқушылары арасында викториналық сұрақтар жарысы өтті. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Ержан Турарович ұйымдастырып, өткізді. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру. Оқушыларға Тәуелсіздік тарихы жайлы түсінік беру. 

#Qazaqstan30 

@qazaqstan30jyl