Размер шрифта:

"Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу- басты міндет" тақырыбында жалпы ата- аналар жиналысы өтті.

Дата: 2021-11-05 09:40:34

Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты бүгін, 08 қазан күні сағат 17.30.- да  "Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу- басты міндет" тақырыбында жалпы ата- аналар жиналысы өтті.  Күн тәртібінде  "Баланың құқықтары туралы заңына", Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық" туралы Кодексіне және мектептің ішкі тәртіп ережелеріне тоқталып,  ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерін атқарудағы жауапкершіліктері айтылды.