Тәрбие жүйесін ұйымдастырудың тиімді әдістері

Дата: 2021-11-03 20:38:19
Тәрбие жүйесін ұйымдастырудың тиімді әдістері

2021 жылдың 3 қараша күні «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- де «Тәрбие жүйесін ұйымдастырудың тиімді әдістері» тақырыбында сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Рухани – адамгершілік құндылықтар» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ж.Сейткалиева, «Сынып сағаттарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі К.А.Тлеукулова, «Тәжірибе алмасу- іскерлікті жетілдіру»  тақырыбында 6 А сынып жетекшісі Ж.Е.Еркинова сөз алып,  тәрбиелік  іс – шараларын  өткізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Мектеп – лицей психологы А.А.Толетаева «Суицид превенция» бағдарламасы бойынша вахтерларды оқыту» тақырыбында және сынып жетекшілердің АСППМ бағдарламасымен жұмыс жасау процесі бойынша  тоқталып өтті.