"Шеберхана көрмесі" сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Қазақ қол өнерінің сыйқырлы, әсем бұйымдарымен танысқан кішкентай өлкетанушылар шеберхана көрмесінен үлкен әсер алды.

Дата: 2021-10-06 08:52:45

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен жүріп жатқан тарихи сауаттылық апталығы жалғасуда. "Абай атындағы №2 мектеп—лицейі" КММ-нің мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерімен тәрбиеші А. Т. Тукбаева "Шеберхана көрмесі" сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Қазақ қол өнерінің сыйқырлы, әсем бұйымдарымен танысқан кішкентай өлкетанушылар  шеберхана көрмесінен үлкен әсер алды.