"Оқуға құштар мектеп" жобасы Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде де бастау алды.

Дата: 2021-09-20 15:35:58

"Оқуға құштар мектеп"  жобасы Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде де бастау алды. 2021-2022 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау,  кітап мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы барлық өңірде біртіндеп енгізілуде. Соған орай мектеп-лицейімізде жоспар құрылып,  "Буккроссинг"  кітап алмасу бұрышы,  20 минуттық кітап оқу жұмыстары ұйымдастырылды.