Размер шрифта:

«1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі» күні мерекесіне орай "Бейбітшілік. Келісім мен тұрақтылық" тақырыбындағы сурет көрмесі

Дата: 2021-04-30 14:20:55
«1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі» күні мерекесіне орай
«1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі» күні мерекесіне орай   "Бейбітшілік. Келісім мен тұрақтылық" тақырыбындағы   сурет көрмесі 
2021 жылдың 23-30  сәуір күндері  аралығында  мектеп-лицейімізде  4-5 - сыныптар арасында «1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі» күні мерекесіне орай   "Бейбітшілік. Келісім мен тұрақтылық" тақырыбында  сурет көрмесі   өтті. 
Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Осыған орай жас суретшілеріміз  көп ұлтты  Қазақстан халқының бейбіт өмірін сомдайтын, тарихын  қамтитын, бірлігін бейнелейтін  туындыларын салды.  
Балалар  суреттерінің атауынан – баянды бейбітшілік орнаған шаңырақ астында тұрып жатқан біртұтас мемлекеттің жасампаз ұрпағы өсіп келе жатқанын бірден аңғаруға болады.