"Тиімді технологиялар және білім сапасы" тақырыбында 4 әдістемелік кеңес өтті.

Дата: 2021-04-05 09:15:53
Балқаш қаласы Абай атындағы 2 мектеп лицейінде "Тиімді технологиялар және білім сапасы" тақырыбында 4 әдістемелік кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
"Үздік тәжірибе" алаңы бағыты бойынша бастауыш сынып мұғалімі Дауренбекова А.А. "Оқушылардың білім сапасын көтеру және шешу жолдары" тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салды.
"Курстан соң" жобасы бағыты бойынша 
"Сабақты зерттеу LS"әдісі туралы Коккозова Н.А 8 Ә сыныбындағы өз зерттеулерін саралай отырып,түсіндірді.
"Сабақты көлденеңнен және тігінен жоспарлау"тақырыптарынан  Сардарбекова Г.Р мен Тлеукулова Қ.А .ақпар беріп өтті.
Облыстық "Зейін"жобасы бойынша жаратылыстану пәндерінде  яғни биология,физика,химия,география  5-8 сыныптарда ФС-қа құрастырылған тапcырмалар жинағы көрсетілді. Математика пәні бойынша Әлжан Б.Т Сейфулла А.А математиканың өмірдегі қолданысы бағытындағы тапсырмаларын таныстырды.
Лицейішілік "Үздік воркшоп" конкурсының  қорытындысын Тускеева А.М жариялап өтті. І орынды кәсіби шеберлігімен  бастауыш сынып мұғалімі Кенжеханова С.Г иеленді. Қатысқан мұғалімдер номинациялар бойынша мараптталды.
Әдістемелік кеңеске 62 мұғалім қатысты. ДОІЖО Ш.Т.Жақсыгелдина жүргізді.