"Жаңартылған білім мазмұны-жаңа бастама" тақырыбында әдістемелік шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Дата: 2021-04-02 09:15:09

Көктемгі демалыс жоспарына сәйкес 29.03 күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейде мектеп алды даярлық тобы және "Нұрбөбек"шағын орталығының тәрбиешілерінің "Жаңартылған білім мазмұны-жаңа бастама" тақырыбында әдістемелік шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.Көрмені тәрбиешілер Тукбаева А.Т. Аманжолова Г.Б таныстырып өтті. Көрмеге мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін тұрақтандыруға арналған және білім- білік дағдыларын дамытудағы тәрбиешілердің өз қолдарынан шыққан шығармашылық  жұмыстары қойылды.