23 наурыз – Наурыз-тарту немесе «Жоралғы күні»

Дата: 2021-03-26 14:28:12
23 наурыз – Наурыз-тарту немесе «Жоралғы күні»
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де «НАУРЫЗ ШУАҒЫ» Наурыз мейрамын тойлауға  арналған іс-шаралар жоспары аясында 23 наурыз – Наурыз-тарту немесе «Жоралғы күніне» байланысты   1 Ә сынып жетекшісі  С.Г. Кенжеханованың ұйымдастыруымен  «Nauryz  сыйлық» ұлттық нақышта әзірленген ашықхаттар сайысы өткізілді.Солардың ішінен ұлттық нақышта әзірленген жұмыстарды таңдап алып ұсынып отырмыз.Көшпелі халықтың ертеден келе жатқан баспанасы киіз үй бейнесінде жасалған жұмысты және қазақтың ұлттық киімін, жаз жайлауы бейнеленген жұмысты ерекше атап өтуге болады. Сонымен бірге ашықхаттың сыртқы бетін ғана емес ішін ұлттық нақышта бейнелеген жұмыстарды айрықша атаған жөн.Жұмыс барысында атсалысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.