19 наурыз – Наурыз-думан немесе «Шымырлық пен шеберлік күні»

Дата: 2021-03-20 10:37:33
19 наурыз – Наурыз-думан немесе «Шымырлық пен шеберлік күні»
19 наурыз – Наурыз-думан немесе «Шымырлық пен шеберлік күні»
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де «НАУРЫЗ ШУАҒЫ» Наурыз мейрамын тойлауға  арналған іс-шаралар жоспары аясында 19 наурыз – Наурыз-думан немесе «Шымырлық пен шеберлік күніне»  байланысты көркем еңбек пәні мұғалімдері  Ж.Т. Адамбай мен Т.О.Усенова  «Шебер қолдар» көрмесін  ұйымдастырды.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі С.У.Байсакалов  қазақтың ұлттық асық ату ойыны «Asyk party»  ұйымдастырды.
Домбыра үйірмесінің жетекшісі А.Ракишев қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында «Dombyra party» ұйымдастырды.
Аға тәлімгер А.Қ.Исагужанова «Қара жорға» биін насихаттау мақсатында  оқушылар арасында флешмоб ұйымдастырды.