"Педагогикалық идея" байқауының 2 -ші шешуші кезеңі онлайн форматта өтті.

Дата: 2021-03-18 10:36:03

17.03.21  күні облыстық оқу әдістемелік орталық ұйымдастырған математика,физика,химия,биология пәндері мұғалімдерінің авторлық  оқу әдістемелік  жұмыстары бойынша "Педагогикалық идея" байқауының 2 -ші шешуші кезеңі  онлайн форматта өтті. Абай атындағы №2  мектеп -лицейіміздің биология пәні мұғалімі  Садыканова Б.Ж байқаудың 1-ші кезеңінен жеңіске жетіп, соңғы 2-ші  шешуші кезеңіне өтіп, өзінің 10 сыныпқа арналған "Генетика және селекция" жұмыс дәптері атты авторлық жұмысын жоғары деңгейде қорғап шықты. Педагогикалық идея байқауын облыстық оқу әдістемелік орталығының әдіскері Сулейменова Г.У жүргізіп, қатысушыларға алғысын білдірді.