«Жаңашылдыққа ұмтылыс- бастауыш сыныпта»

Дата: 2021-02-24 17:37:38
«Жаңашылдыққа ұмтылыс- бастауыш сыныпта»

24.02.21 ж.  «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің»  мұғалімі  Қайырқұл Азамат Мұратбекұлы 4-сыныпта  «Жаңашылдыққа ұмтылыс- бастауыш сыныпта» атты  бастауыш сыныптар апталығы  аясында  қазақ тілі пәнінен  ашық сабақ  берді. Сабаққа мектеп- лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Байтұрғанова Маншүк Серіковна қатысты.  "Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі" деген  тақырыпты ашуда АКТ  кеңінен қолданылып, оқушылардың айтылым, тыңдалым, оқылым  дағдыларына бағытталған жұмыстар жүргізді. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылардың жасаған жұмыстарынан жаңа білімді өте жақсы меңгергенін байқауға болады. Сабақ барысында әр түрлі әдіс- тәсілдер қолданылды.