«Жаңашылдыққа ұмтылыс- бастауыш сыныпта»

Дата: 2021-02-23 15:03:06
«Жаңашылдыққа ұмтылыс- бастауыш сыныпта»

23.02.2021ж. «Балқаш қаласы Абай атындағы  №2 мектеп-лицейінің» мұғалімі Амантаева Жибек Ертайевна 3-сыныпта «Жаңашылдыққа ұмтылыс- бастауыш сыныпта» атты бастауыш сыныптар апталығы аясында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ берді. Сабаққа мектеп-лицейі директорының ОІЖ орынбасары Жақсыгелдина Ш.Т және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Сабақтың барысында АКТ кеңінен қолданылып, зерттеу дағдыларына бағытталған жұмыстар жүргізілді. Jamboard  тақтасы, «Сөзжұмбақ әлемі» онлайн тақтасы қолданылды.Сабақта мұғалім өз мақсатына жетті. Оқушылардың жасаған жұмыстарынан жаңа білімді жақсы меңгергенін байқауға болады. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақтың тақырыбын білу, ашу мақсатында: сөзжұмбақ, бейнероликке сүйене отырып сызбанұсқа толтыру тапсырмалары болды.Диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Сабақты «Мозайка» әдісі арқылы қорытындылады. Оқушылар сабақтың соңында «Ашық микрофон» әдісі арқылы сабақта түсінгендерін, білгендерін ауызша айтты.