Жарайсыңдар лицейіміздің дарындылары!

Дата: 2021-02-15 08:57:31
Жарайсыңдар лицейіміздің дарындылары!

12.02.2021 ж. күні «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен өтетін  жалпы пәндерден республикалық ғылыми жобалар байқауының  қорытынды кезеңі бойынша марапаттау салтанатты жиыны  тікелей эфирде  болды. Мектеп-лицейінің 9А сынып оқушысы Мамырлан Назира (тақырыбы: Үйкеліс күші») жүлделі ІІІ орынға ,  9 Б сынып оқушысы Рысқұл Бекторы (тақырыбы: «Мобильді қосымшалардың өлшеу дәлдігін бағалау») Мақтау қағазына ие болды. Ғылыми жетекшісі: Рахимова Жулдыз Тулендиевна – физика пәнінің мұғалімі.

       Марапаттар оқушыларымызға салтанатты түрде онлайн режимінде ұсынылды, соңынан «Дарын» РҒПО-ның директоры Боранбай А.А. республикалық кезең жеңімпаздарын құттықтады.