«Бәйтерек» әкелер мектебінің ұйымдастыруымен өткен "Әкеммен бірге жасаймын" онлайн сайысы

Дата: 2021-02-11 20:39:59
«Бәйтерек» әкелер мектебінің ұйымдастыруымен өткен

«Бәйтерек» әкелер мектебінің ұйымдастыруымен өткен "Әкеммен бірге жасаймын" онлайн сайысы Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы № 2 мектеп-лицейі» КММ-де «Бәйтерек» әкелер мектебінің жоспарына сәйкес "Әкеммен бірге жасаймын" деген тақырыпта 5-6- сынып оқушылары арасында онлайн түрде сайыс өткізілді. Сайыс ережесі бойынша оқушылар әкесімен бірге бұйым жасап, оған қандай заттар керектігін және жасалу жолдарын бейнероликке түсіру арқылы өз видеоларын байқауға ұсынды. Нәтижесінде 5 А сынып оқушысы Заңғарбек Зәрубек әкесімен бірге «Бас жіп» жасап, 1- орынға ие болды. 2-орынды 5 А және 5 Б сынып оқушылары Оңғарсын Абдурахман мен Төкен Темірлан иеленді. 5 А сынып оқушысы Оңғарсын Абдурахман әкесімен бірге «Көзілдірік қапшығын» жасады. "Анаға сый" тақырыбы бойынша 5 Б сынып оқушысы Төкен Темірлан әкесімен бірлесе отырып, аналар күні мерекесі қарсаңында аналарға арнап гүл жасады. Гүл жасауға алдымен бос пластмасса бөтелке, қағаз, желім, қайшы, таяқша, шам дайындап, жасалу жолын түсіндіре отырып, әдемі гүл жасады. Ал 6 В сынып оқушысы Сенкибаев Айтқазы 3-орынға ие болды.