"Бір отбасы-бір кітап" облыстық акциясы және лицейішілік "Абай-руханияттың алтын қазығы" жобасы аясында

Дата: 2020-12-23 16:32:18
    Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында  "Бір отбасы-бір кітап" облыстық акциясы және лицейішілік "Абай-руханияттың алтын қазығы" жобасы аясында
"Пульс" ақпараттық-коммерциялық апталығы редакторының орынбасары, лицейдегі ақындар үйірмесінің жетекшісі, ақын, Қуандық Мақсатұлы Сәденовтың қатысумен Zoom платформасында тікелей эфир арқылы 22 желтоқсан күні сағат 17:00 -де  онлайн кездесу болды.
Кездесудің мақсаты- өскелең ұрпақты адалдыққа баулу, рухани тәрбие беру. Кездесуге  қаламыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, ата-аналар және оқушылар қатысты. Дәріс сабағы өте мағыналы, жақсы өтті. Оқушылар мен ата-аналар сұрақтарын қойып,   мәртебелі қонағымыз Қуандық Мақсатұлы Сәденовқа  өз алғыстарын білдірді.